Оқиға Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылында бүгін, таңғы сағат 5.00 шамасында болды. Салдарынан бірнеше үйдің мал қорасы өртеніп кетті.
Монша, пресстелген шөп, тақтайлар, жем және 1 жылқы тілсіз жаудың құрбанына айналды. Соның салдарынан 900-ден астам шаршы метр аумаққа зиян келді.
«Оқиға орнында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» аудандағы бірінші бөлімшесі өрт сөндіру жұмыстарын атқарды. Жалын 1 өрт сөндіру автокөлігі 10 қызметкерінің күшімен толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Таң ауылындағы ерікті өртке қарсы күш құрылымдарының 6 адамы атсалысты», - дейді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қызылордада стационарлық полиция бекеті өртенгенін жазған болатынбыз.