Чемпионатты облыстық спорт басқармасы облыс әкімдігімен бірлесе ұйымдастырып отыр. Қызылорда облысында ғана өткізілгелі отырған «Алтын белбеу» ұлттық спорт бәсекесі елімізде тұңғыш рет қолға алынуда.
Жарысқа әр ауданнан 24 спортшыдан қатысады. Чемпионат қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінген. Алдымен 1996-98 жылғы жасөспірімдер арасындағы белдесулер 9 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Онан соң 1993-95 жылғы жасөспірімдер бәсекесі 8 салмақ және ересектер арасындағы белдесулер 7 салмақ дәрежесі бойынша өтетін болады.