Оған Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен облыс аудандарынан 200-ге жуық спортшы қатысты.
Елді мекендерден бастау алған шара аудандық, қалалық және облыстық кезеңдерге бөлініп, 140 елді мекеннен 3 жас ерекшелігі бойынша 27 864 палуан қазақтың төл өнерін дамытуға атсалысты.
Қазақ күресінен облыстық жарыс 3 кезеңнен тұрады және 3 жас ерекшелігі бойынша өткізілді. Ересектер арасында қармақшылықтар Бауыржан Райсов, Асхат Пірманов, Қайрат Жалғасбаев, Қайрат Үсенов, Алмат Тайбағаров, Жасұлан Досымов, шиелілік Ұлан Рысқұл бірінші орынға шықты. Түйе палуандар сайысында қармақшылық Руслан Әбдіразақов бас бәйгені жеңіп алды.Оған «Алтын белбеу» тағылып, 1 млн. 470 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.