ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада сауда үйінен алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті әйел қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қызылорда қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласқан.
Онда қаладағы сауда үйлерінің бірінде үш дана алтын жиынтығын ұрлаған белгісіз азаматшаға шара қолдану туралы арызданған.
Келген шығын - 600 мың теңге. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етті. Нәтижесінде бірнеше сағаттан кейін 1990 жылы дүниеге келген күдікті әйел ұсталды.
«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын Қызылордада мал ұрлаған 51 жастағы тұрғын ұсталған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.