ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жергілікті тұрғынның өзінің қызына сыйға тартқан пәтерге байланысты шағымы апелляциялық сот алқасында қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Талап қоюшы әйел осыдан бір жыл бұрын өзінен бөлек тұратын қызына сыйға тарту шартын рәсімдеген. Арада жыл өткенде сол келісімді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.
«Қызылорда қалалық сотының шешімімен талап қоюшы Л.-ның арызы қанағаттандырусыз қалдырылған. Дегенмен азаматша бұл шешімімен келіспей, апелляциялық алқаға шағым берді», - деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.
Істің сотта қаралуы барысында тараптар істі бітімгершілікпен аяқтауға ниеттерін білдірген. Соған сай жауапкер анасына пәтерді берді. Ал талап қоюшы шағымынан бас тартты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.