Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа 2001 және одан кіші жастағы жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысады.
Бағдарламаға сәйкес спортшылар 25 шақырым критериум жарысында сынға түседі.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Айта кетейік, аталмыш жарыс өңірімізде алғашқы мәрте ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізілетін болады.