ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада антисептикалық құралдарды заңсыз және көтеріңкі бағамен сату дерегі кездесті. Бұл деректі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Департаментке салық органдарында кәсіпкер ретінде тіркелмеген тұлғаның заңсыз антисептикалық құрал сатып жатқаны туралы ақпарат түсті. Ведомство мамандары аталған деректі нақтылау мақсатында антисептикалық құралдар сатып алуға барған кейіп танытты. Олар 4 литрлік бутыльдың әрқайсысын 24000 мың теңгеден сатып алған.
Толық қарау барысында барлығы 113 бутыль ыдысына құйылған антисептик айналымнан алынды.
«Аталған дерек ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Қазіргі кезде алынған антисептикалық құралдарды облыстық денсаулық сақтау басқармасына беру туралы келісім жасалуда. Ал материал, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 463 бабы негізінде Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің маманы Бақыт Орданова.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.