Қызылордада аптап ыстықтан жедел жәрдемге жүгінгендер көбейді

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райының аса қатты ыстық болуына байланысты жедел жәрдем қызметіне жүгінген тұрғындар саны артып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шілденіңалғашқы екі аптасы өңірде аптап ыстықпен ерекшеленді. Салдарынан дәрігерлер көмегіне жүгінгендерқатары аз болмай отыр.

«Соңғы екіаптада жедел жәрдем қызметін шақыртқан тұрғындар саны артты. Атап айтқанда, 1-7шілде аралығында дәрігерлер 10951 адамға медициналық қызмет көрсетті. Ол 8-14аралығында 11049 адамға жетті. Ауа-райына байланысты демсаулығы сыр бергеназаматтар саны өскені аңғарылып отыр. Олардың арасында жүрек-қан тамырларыауруы бірінші орында тұрса, одан кейінгі кезекте - тыныс алу дерттері», - деді Қызылорда облыстықденсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.

Сыр өңіріндеыстық ауа-райы әлі де сақталады. Бұл жөнінде «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысыбойынша филиалының бөлім басшысы Әйгерім Жүкелова мәлім етті.

«Қызылордаоблысына жылы ауа массасының енуіне байланысты ыстық ауа райы әлі де сақталады.Ол 20 шілдеге дейін созылады деп күтілуде. Ертең, 16 шілдеде біздің аймақта ауатемпературасы 39-44 градусқа көтерілмек. Ал 17 шілдеде ол 41-46 градусқа дейінжоғарылайды. Облыстық солтүстігінде орын тепкен Қазалы, Арал аудандарында ол35-37 градусты құрайды. Осы күндерде солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні декүшейте түседі. Ал 20 шілдеден кейін циклонның енуіне байланысты ауатемпературасы біршама төмендейді. Ай соңына таман жаңбыр жауады», - дедіӘйгерім Жүкелова.

Естеріңізгесала кетелік, шілде айының 2-сі күні Қызылорда облысында ауа температурасы рекордтықкөрсеткішке жетті. Ауа температурасы 47 градусты құрады .

Соңғы жаңалықтар