ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 21 жастағы жігіт бірнеше күннен бері хабарсыз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазалы қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тұратын Исаев Бағлан Зейнуллаұлы 2011 жылдың 3 шілдесінде дүниеге келген.
Жоғалған сәтте үстінде ақ жолақты көйлек, қара түсті қысқа шалбар киген.
«Бұл бойынша Қазалы ауданы полиция бөлімінің барлық жеке құрам қызметкерлері толығымен хабардар. Қазіргі таңда жоғалған азаматты табу мақсатында жедел іздестіру жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті аудандық полиция бөлімінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада елсіз далада адасып кеткен екі адам табылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.