Анықталғандай, жатақхана 2007 жылы халықтың қаржысына салынған және осы уақытқа дейін құжаттары рәсімделмеген.
Заңсыз ғимаратты қоғамдық бақылау өкілдері, атап айтқанда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы мониторингтік топ анықтаған.
Облыста 9 оқу орнының жатақханасы бар. Мониторингтік топ олардың мақсатқа сай пайдаланылуын тексеріп шыққан.
«Жатақхана 2007 жылы асар әдісімен салынған. Осы кезеңге дейін құжаттары рәсімделмеген. Жатақханаға студенттер айына 1 800 теңгеден төлеп келген. Онда 3 штат қызметкері жұмыс жасаған», - деді агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Бағдат Әбдіқадыров.
Анықталған мән-жайлар бойынша облыстық білім басқармасына тиісті ұсыныстар жолданды. Колледж жатақханасының қызметі тоқтатылды.