Қызылордада асық ату спорты қарқынды дамуда

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордада асық спорты дамып келеді. Жергілікті жастар ұлттық спорт түрінен жоғары табыстарға қол жеткізіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Сыр өңірінде асық атудан түрлі деңгейдегі турнирлер 2015 жылданбері ұйымдастырылып келеді. Ол ұлттық құндылықтарды жаңғырту бағытында қолғаалынған. Дәстүрлі шараны Қызылорда облыстық «Асық ату» қоғамдық бірлестігітұрақты түрде өткізуде.

«Қостанай қаласында өткен халықаралық турнирде біздің жастаржоғары орындардан көрінді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланыңжеті қыры» бағдарламалары қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жаңғыртуғабағытталған. Біздің бірлестік осы мақсатта ұлттық спорт түрі асық ойыныныңқалалық, облыстық және республикалық турнирлерін өткізіп келеді.Жастарымыз солжарыстарда шыңдалды. Қостанайдағы жарыста жоғары жетістікке жетуіміздің бір нәтижесі осында жатыр», - деді Қызылорда облыстық «Асықату» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Базартай.

Халықаралық турнирге Қызылорда облысынан асық атуспортынан жергілікті бапкер Р. Наукеевбастаған үш спортшы қатысты. Сыр спортшылары турнирде жалпы командалық есепте үздік үштіктен көрінді.