ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Атыраудан вахталық жұмыстан келген тағы бір адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір Қызылорда облысында аталған диагноз қойылған 209 адам бар. Оның ішінде 127 науқас сырқатынан айығып кетті.
«Айта кетерлігі, соңғы тәулікте жаңадан 5 жағдай нақтыланды. Оның екеуі - індет жұқтырғандармен байланыста болса, біреуі - Атырау облысынан вахталық әдіспен жұмыс істеп келген азамат. Ал, қалған екеуі скринингтік тексеру барысында белгілі болды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, хаттамаға сай ем алып жатыр», – дейді Жақсылық Абдусаметов.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған 3069 азамат анықталды. Оның ішінде 1659-ы - жақын қарым-қатынаста, 1410-ы - жанама байланыста болған.
Айта кетерлігі, бұдан бұрын да Қызылордада Атыраудан вахталық жұмыстан келген 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.