ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында далалық жерден түрлі атыс қарулары жасырылған орын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған орын ҚР Ішкі істер министрлігі және Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің бірлескен жедел іс-шарасы барысында белгілі болды.
«Полиция қызметкерлері далалық жерден түрлі атыс қарулары жасырылған орынды анықтады. Ол жерден шолақ мылтық, тапанша, оқтар, асхана пышағы, каска, резеңке таяқ (дубинка), темір қол кісені және арнайы киім алынды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті басталды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, Қызылордада алаяқтық қылмысының басым бөлігі интернет арқылы жасалған.
Фото: Қызылорда облысы Полиция департаменті
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.