Қызылордада Ауған соғысының ардагерлері конференция өткізді
17:49, 15 Маусым 2010
ЫЗЫЛОРДА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының қолдауымен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған ҚР Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағының республикалық конференциясы болып өтті.
Республикалық шара алдымен «Тағзым» алаңындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімінен және Ауғанстан соғысында қаза болған боздақтарға арналған ескерткіш жанында өткен митингіден бастау алды.
Шара барысындағы конференцияны республикалық Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов ашты. Жиынның басты күн тәртібі Ауған соғысы ардагерлеріне статус беру мәселесі болды.
Шара соңында конференция делегаттарының «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында мүгедектердің сауығуына зор көмек жасап отырған ардагерлер бөлімшесіне мүгедектерге арналған екі арба сыйға тарту етілді.