ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада той жасаған азамат жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласы әкімдігінің хабарлауынша, қала тұрғыны 22 наурызда үйінің ауласында той өткізген. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласында төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жедел штаб құрылған. Штаб мүшелері 16 наурыздан бастап түнгі рейд жұмыстарын жүргізіп келеді.
Облыстық полиция департаменті аймақтағы 300-ге жуық кафе мен мейрамхананы тексеріп шықты. Төтенше жағдай режиміне қарамастан түнгі уақытта жұмыстарын жалғастырған 6 кәсіпкерге тиісті шаралар қолданылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.