ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында ауруханада балконнан құлаған әйел кісі қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол жайында әлеуметтік желі беттерінде жарияланды. Онда емдеу орындарының бірінде балконнан құлаған әйелдің қайтыс болғаны айтылған.
Бұл мәліметті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«6 тамызда болған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде.
Онда өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу дерегі бойынша жағдайы көрсетілген. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді», - деп мәлім етті департаменттен.
Бұған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада полиция қызметкерін пышақтап кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.