ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада аурухананың фильтр кабинетінде коронавирус жұқтырған адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір облыс бойынша вирус жұқтырған 246 адам бар. Олардың барлығы бақылауға алынған. Ал 205 адам емделіп шықты.
«Қызылордада аурухананың фильтр кабинетінде коронавирус жұқтырған адам анықталды. Облыс бойынша қазіргі таңда індет жұқтырғандардың 50-і медицина қызметкер бар», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.
Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған – 3 343 азамат, оның тікелей қарым-қатынаста болғаны –1 869, жанама қарым-қатынаста болғаны – 1 474 азамат.
Облыс бойынша барлығы 560 сынама алынды. Нәтижесінде 559-ы теріс мәнді, 1-уі оң мәнді.
Айта кетерлігі, Қызылордада бүгіннен бастап базарлар ашылады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.