ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай спорттық жүгіруден жарыс өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спорттық жүгіруге қатысушылар аталмыш шара барысында 5,5 шақырым қашықтықты бағындырды.
Бұл акцияға Қызылорда облысының әкімдігі, психологиялық түзеу орталықтары, аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналары мен еріктілер қолдау көрсетті.
Жарысқа барлығы 700-ден астам адам қатысты. Оған қатысушы азаматтар жас ерекшелегіне байланысты төрт санатқа жіктелді. Әрбір санат бойынша жеңімпаз бағалы сыйлықтарға ие болды.
«Көптеген азаматтар аутизм туралы аз біледі. Өмірден көріп жүргеніміздей, мұндай балалар кез келген салада жетістікті бағындыра алады. Осындай шаралар арқылы біз ондай жандардың ерекше әлемін көрсетпекпіз», - деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.