ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімі хабарлады.
Мәлім болғанындай, Қожамберді ауылының 44 жастағы тұрғыны Асылбеков Абайхан 18 қыркүйекте таңғы сағат 5:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері қайта оралмаған.
«Үстінде қара спорттық киім болған, аяғына ақ кроссовка киген. Хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша қандайда бір мәлімет болған жағдайда Жаңақорған ауданының Полиция бөліміне, 8-(72435) 24-1-55, 24-1-58 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада екі ай хабарсыз кеткен 26 жастағы тұрғын аман-есен табылғанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.