ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінде 7-24 сәуір аралығында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында ел біріншілігі өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел біріншілігі жекелеген жаттығулар бойынша болады. Алты күн бойы спортшылар 20 салмақ бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Ойын кестесі төмендегіше:
18 сәуір
11.00-13.00. Ерлер 55 келіге дейін
16.30-18.30. Әйелдер 45, 49 келіге дейін
19 сәуір
11.00-13.00. Ерлер 61 келіге дейін
15.00-17.00. Әйелдер 55, 59 келіге дейін
20 сәуір
11.00-13.00 Ерлер 67 келіге дейін
15.00-17.00 Әйелдер 64,71 келіге дейін
21 сәуір
11.00-13.00 Ерлер 73 келіге дейін
15.00-17.00 Әйелдер 76, 81 келіге дейін
22 сәуір
11.00-13.00 Ерлер 81 келіге дейін
15.00-17.00 Әйелдер 87 келіге дейін, 87 келіден жоғары
23 сәуір
11.00-13.00 Ерлер 89, 96 келіге дейін
15.00-17.00 Ерлер 102, 109 келіге дейін, 109 келіден жоғары
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.