ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы аумағындағы сегіз адамның өмірін қиған «Қызылорда-Құмкөл» жолындағы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш автобус Түркістан облысына қарай бағыт алған. Автобус ішінде барлығы 36 адам болған.
«Қазіргі таңда автобус ішінде болған азаматтардың жеке бастарын қатысты мәліметтер анықталуда. Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптама тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Әмитов.
Естеріңізге сала кетелік, аталмыш оқиға бүгін 04.30 шамасында болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам емдеу орындарына жатқызылды.
Оқиғаға байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.