ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бағдарлы жолаушылар автобусы аялдамада адам қағып кетті. Оқыс оқиғадан жарақат алған адам медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқыс оқиға Қызылорда қаласындағы Тоқтыбаев көшесінің бойындағы аялдамада болған. Сол жерде қоғамдық көлік екінші автобусқа соғылып барып, аялдамада тұрған әйел адамды да қағып кеткен.
«Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шәмшидин Әмитов.
Бұдан бұрын Қызылордада 2019 жылдың 18 қазанында бағдарлы жолаушылар автобусы адам қағып, ол қайтыс болған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.