ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында автобус жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Байтұрсынов көшесінің бойында болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
«Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.