ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 1 қыркүйектен бастап «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық көлік жолақысы электрондық төлем жүйесіне ауыстыру көзделген. Онда қолма-қол және электрондық төлемге ортақ баға 90 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1 қыркүйектен бастап қолма-қол төлем жүйесі 120 теңге болып бекітілген еді. Ал электрондық төлем арқылы жолаушылар 90 теңге төлейді деп шешілді.
«Бұл сараланған тариф азаматтарды көлік картасын пайдалануға ынталандыру мақсатында қойылды. Алайда жергілікті тұрғындар өтініші ескеріліп, ұсыныстары тыңдалды. Нәтижесінде электронды немесе қолма қол төлем жасаушылар үшін де ортақ баға 90 теңге болып сақталатын болды. Сол тарифті өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылдадық. Электрондық төлем жүйесіне өту - заман талабы. Сол себепті жол ақысын электронды төлеуге ұсынылған 8 түрлі төлем жасау тетігі дамытылады», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының әкімдігінен.
Бұл жүйеге ауысу 1 қыркүйектен бастап кезең-кезеңімен жалғасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.