Бұл Қызылорда қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен мониторинг шарасы барысында белгілі болды. Аталған шара темір жолы вокзалы аумағынан басталып, «Aray City Mall» ойын-сауық орталығына дейін жалғасты. Онда қоғамдық көліктің карантин режиміндегі санитарлық-дезинфекциялық жағдайы қаралды. Осылайша «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС жұмыс тәртібі бақыланды.
«Шара барысында 11 қоғамдық көлікке бақылау жүргізілді. Бақылау барысында адамның шамадан тыс көптігі, белгіленген арақашықтықтың сақталмауы анықталды. Сондай-ақ, жүргізуші мен кондукторлардың міндеттелген масканы кимегені белгілі болды. Арнайы дизенфекцияланған дымқыл маталарды пайдаланбау оқиғасы да орын алды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы прокуратурасы.
Аталған шара 13 мамырдан басталды. Ол 30 мамырға дейін жүргізіледі.
Қызылордада 18 мамырдан бастап базарлар ашылады.