ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада айдалада балшыққа батып қалған жүргізуші құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
8 қаңтарда сағат 13.59 минут өткенде облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына ақпарат түсті. Онда Қызылорда-Жезқазған автожолының 40-шақырымында «ГАЗель» маркалы автгкөлік балшыққа батып қалғаны айтылған.
«Оқиға орнына департаменттен 3 қызметкер 1 техникамен барды. Сағат 18.30-да департамент мамандары күшімен балшықта қалып қойған көлік Досан ауылына дейін жеткізілді. Салонда болған 1988 жылғы жүргізуші одан әрі жолын жалғастырды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада екі күн бұрын жоғалған ер адам табылды.
Фото: Қызылорда облысы ТЖД
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.