Қызылордада әйел әкімдерге қолдау көрсетіп, әлеуетін арттыру мақсатында аймақтық семинар өтті

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Оған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова қатысты.

Басқосуға Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан әйел әкімдер келді. Семинар аясында жергілікті жерде жұмыс жүргізудің тиімді тетіктері таныстырылды. Бүгінде ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бар. Оның үстіне биылдан бастап әр ауылдың өз бюджеті болады. Демек, әкімдердің жауапкершілігі арта түскені анық. Осы ретте семинарға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, пікір таластырды. Сонымен қатар заманауи гендерологияның өзекті проблемалары талқыланды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.