ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында мас күйінде әйелін өлтірген 29 жастағы жігіт қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс орталығында тұратын 29 жастағы ер адам заңды некедегі 27 жастағы әйелін мас күйінде белгісіз себеппен ұрып-соққан. Салдарынан азаматша алған ауыр дене жарақатынан қайтыс болды.
«Оқиға орнынан бой тасалап кеткен ер адамды ұстау мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Іздестіру барысында ол досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Байқоңырда көпқабатты үйлердің арасынан оқ тиген адамның денесі табылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.