ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында жедел шаралар қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде соңғы аптада азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында жедел шаралар қабылданды. Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсу қарқыны бәсендеді. Орташа өсу индексі 100,2 пайызды құрады. Мәселен, жұмыртқа құны 3,5 пайызға өссе, пияз бағасы 1 пайызға төмендеді.
«Ұн мен нанның бағасын реттеу мақсатында жұмыстар жүргізілде. Бұл бағытта Қостанай облысының ұн өндіруші мекемелерімен 1000 тонна ұнмен қамтамасыз ету бағытында келісім жасалды. Сондай-ақ жыл аяғына дейін кәсіпкерлік субьектілер арқылы 45 тонна тазартылған күнбағыс майы қамтамасыз етіледі», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.
Еске салсақ, алдағы бес жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 1,1 млн гектар сексеуіл егіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.