Оқыс оқиға бүгін сағат 9.00 шамасында болды. Жергілікті 112 құтқару қызметіне «Бақша Сарай» кафесінде өрт оқиғасы болып жатқаны туралы хабарланды.
Оқиға орнына өртке қарсы қызметтен 40 қызметкер 9 техникамен барды. Өрт 09.29-де оқшауланып, 09:43-де толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
«Өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан болды деген болжам жасалып отыр. Қазір келген шығын анықталу үстінде. Төтенше жағдай орнынан 1 кіші және 1 үлкен сыйымдылықтағы газ баллондары шығарылды. Жыл басынан бері облыста 229 өрт оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан төрт адам қайтыс болды. Жарақат алғандар да бар», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.
Бұдан бұрын Қызылордада көпқабатты үйден өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды.