Үш қабаттан тұратын балалар мекені 320 орындық типтік жобада салынған. Балалар бақшасы құрылысын «АрайСтройМаркет Тараз - 2003» компаниясы жүргізді. Оның құрылысына 40 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалды.
Балалар бақшасында 16 топ жұмыс жасайды. Күнделікті ұйымдастырылған тәрбие мен оқу жүйесі мемлекеттік стандартқа сәйкес жүргізіледі. Осы орайда «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары негізінде жұмыс жасайды. Жаңа балабақша өзін-өзі тану, инклюзивтік, ән-әуез, электронды оқыту, М.Монтессори материалдарымен жұмыс, ас дайындайтын арнайы бөлмелермен қатар, балғындарға ұлттық тәрбие беретін этнотехнология және бүлдіршіндердің жол қауіпсіздігі ережесін үйренуіне ықпал ететін жол белгілері бұрыштары жасақталған. Сонымен қатар заманауи үлгіде жабдықталған мекемеде би үйірмесі, гимнастикалық зал да тәрбиеленушілер игілігіне қызмет етеді.