ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында балық аулауға шыққан 40 жастағы азамат каналға суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Сырдария ауданы аумағында орналасқан Қараөзек каналында болды. Қызылорда қаласының тұрғыны сол жерге балық аулауға барған.
«Мәйітті іздестіру жұмысына жедел құтқару жасағының 5 маманы мен 1 техника тартылды. Көп ұзамай оның жансыз денесі жағаға шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Жыл басынан бері Қызылорда облысында 25 адам суға батып кетті. Оның 9-ы бала.
Қызылорда облысында шілде айында балық аулауға шыққан тағы бір тұрғын суға батып кеткен болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.