Оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберілді. Нәтижесінде, 1982 жылы туған қала тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады.
Облыстық ІІД-ден мәлім еткендей, қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Айта кетерлік жайт, Қызылорда облысы орталығында құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, орын алған ұрлық қылмыстарын дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында адам көп шоғырланатын орындарға бейнебақылау камералары орнатылды.
Жалпы облыс орталығында 272 бейнекамера бар болса, олардың барлығы Қызылорда қалалық ІІБ-нің Жедел басқару орталығына қосылған. Жыл басынан бері аталған бейнекамералардың көмегімен 8 қылмыстың беті ашылып, 1606 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.