ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында бассейнге суға түсіп, батып кете жаздаған 10 жастағы бала құтқарылды. Қазір баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 9 шілдеде сағат 12.50 шамасында болған. Қызылорда қаласындағы «Арай» аквапаркіне суға түспек болған 10 жастағы баланың бассейндегі суға батып кете жаздаған.
«Аквапарк құтқарушылары баланы дер кезінде судан шығарып үлгерген. Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екенін айтады», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті суға түсу кезінде барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып отыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында бір айда 9 адам суға кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.