ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласы Титов қыстағында бесінші қабаттан басына кірпіш құлаған 42 жастағы азамат ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға қатты соққан желдің салдарынан болған.
«42 жастағы азамат жабық бассүйек ми жарақатын алды. Ол Қызылорда қалалық ауруханасына жеткізілді», - деді ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.