Қызылордада Батырхан Шүкеновке арналған байқау өтеді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 16-18 мамыр күндері Қызылорда қаласында «Отан-Ана» ІІ республикалық әншілер байқауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 200 жылдығына орайластырылған байқауды облыс әкімдігінің қолдауымен Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және «Таңдау» продюсерлік орталығы ұйымдастырып отыр.

Өнер додасында 18-30 жас аралығындағы жас әншілер бақ сынай алады. Басты талап әншілерге минусовкада бэк-вокалды қолдануға рұқсат берілмейді. Қазылар алқасының құрамына белгілі кәсіби музыканттар, композиторлар, өңдеушілер мен мәдениет және өнер қайраткерлері тартылады. Сондай-ақ, бұл шараға Ресейден танымал музыканттар мен белгілі тұлғалар арнайы қонаққа келеді.

Әділет ҚАҢТАРБАЕВ