деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінен.
Отырысқа облыс әкімшілігі, ҚР Көлік және коммуникация министрілігі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, мердігерлік мекемелердің басшылары мен құрылыс жұмысын қадағалайтын кеңесші-компания өкілдері қатысты.
Отырыс жұмысын ашқан Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Мадияр Алдоңғаров аталған жобаның іске асырылуы экономиканың барлық саласын дамытуға үлкен серпіліс бергендігін атап өтті. Осыған орай топырақты карьерлерді пайдалануға рұқсат алу, тоқ өткізу желілерін салу мен қосу жұмыстары бойынша маңызды мәселелерді шешуде жергілікті атқару органдармен жұмыстар жүргізілуде.
Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов, орталықтың осыдан бұрын болған отырысында мердігерлік ұйымдарға жол-құрылыс техникасы, қызметкерлер, материалдарды дайындау мен топырақты карьерлерді беруді жұмылдыруда ұйымдастыру жұмысын күшейту жөнінде тапсырма берілгендігін ескертіп өтті. Жалпы, барлық аталған тапсырмалар орындалды. Бірақ мерзімнен қалған қосалқы мердігерлік ұйымдарға қысқа мерзімде жағдайды түзеп, толық көлемді жұмыстарға кірісуге тапсырма берілді.
«Мердігерлік ұйымдардың жетекшілері мен әкімдік өкілдерінің баяндамаларынан кейін, аталған жоба бойынша жұмыстардың іске асырылуына «Атамекен» Одағы мен «Нұр Отан» партиясы сараптамалық комиссиясының мүшесі Петр Давыденко баға берді. Ол топырақты карьерлерді беруге құжаттарды рәсімдеу мерзімі 4 айдан 13 айға дейін созылғандығын, бұл жағдай мердігерлік ұйымдардың жоспарларына кедергі болып, оларды жұмыс жүргізу кестесін бұзуға мәжбүрлейтіндігін атап өтті. Жол-құрылыс жұмыстарымен қатар топырақты карьерлерді беру жобалары бойынша құжаттарды рәсімдеуді бірге жүргізуді ұсынды. Сонымен қатар, автомобиль жолдары комитетінің Қызылорда облыстық департаментіне, облыс әкімдігінің өндіріс және кәсіпкерлік басқармасына, қуат және коммуналды шаруашылық басқармасына пайда болған мәселелерді сол жерде дереу шешу туралы тапсырмасы берілді», делінген баспасөз баянында.