ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бес жасар бала коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соңғы тәулікте өңірде 7 адамның қауіпті індетті жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы Қызылорда қаласында тұрады.
«Бес жастағы қыз бала қауіпті індетті үй жағдайындағы қарым-қатынаста жұқтырғаны белгілі болды. Бүгін 4 адам осындай жолмен аталған ауруға шалдыққан», - деді Қызылорда облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.
Бүгінгі күнге дейін облыста 3425 адамнан коронавирус нақтыланған. Оның ішінде 1870-інде ауру симптомдары бар, қалғаны - симптомсыз. Науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі балалардың саны - 213.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.