ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданында бесінші сынып оқушысы каналға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Сырдария ауданы Амангелді ауылында болды.
« 5 сыныпта оқитын ер бала Жетікөл каналына батып кеткен. Ауыл тұрғындарының көмегімен баланың денесі судан шығарылды», - деп мәлім етті облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Қызылордада мал қора өртеніп, 30 қозы жанып кеткен еді.
Келеңсіз жағдай Н. Бекежанов ауылында орын алды. Қабырғасы кесектен салынып, төбесі қаңылтырмен мал қора толығымен отқа оранды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.