ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Полиция департаментіне азаматтардан 34 мыңға жуық қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биылғы жылдың 10 айында департаменттің Жедел басқару орталығының 102 арнасына 34 мыңға жуық қоңырау түскен. Оның ішінде полиция құзырына жататын 32 мыңнан астам хабарламаға қызмет көрсетілді.
«Бейнебақылау камерасының көмегімен 92 қылмыстың беті ашылды. Бейнебақылаушы мамандар азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында барлық күдікті әрекеттерді, адамдардың мінез-құлқын және бейнебақылау камерасына түскен күмәнді тұлғаларды жедел тексереді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен барлығы 14 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 12 мың жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды.
Сондай-ақ, Қызылордада қаңғыбастыққа салынған адамдарға көмек көрсетілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.