ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бір күн бұрын хабарсыз кеткен 41 жастағы әйел табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласы полиция басқармасының жедел 102 арнасына 21 ақпанда жергілікті тұрғын қарындасының белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде арызданған еді.
«Қызылорда қаласы полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері аталған хабарлама негізінде іздестіру жүргізді. Барлық көшелер, аулалар мұқият зерделеніп, жергілікті тұрғындардан сұрау жүргізілді. Жедел- іздестіру жұмысының нәтижесінде жоғалған 41 жастағы азаматша қала көшелерінің бірінен аман-есен табылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.