Қала әкімі Мархабат Жайымбетов осы пәтер иелеріне кілттерді өз қолымен тапсырды.
Жалпы, аталмыш шағынауданда 2008 жылдан бері 4 көпқабатты үй салынып, 160 отбасы баспаналы болды. Мұнда бүгінге дейін ҰОС ардагерлері мен оған теңестірілген 13 азаматқа, әлеуметтік көмекке мұқтаж 109 жанға пәтер берілді. Бағдарлама негізінде тағы 4 ипотекалық тұрғын үй және 5 жалдық үй қатарға қосылмақ. Шағын аудандағы үйлер құрылыстарына «Авангард» және «Аман-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мердігерлік жасап отыр.