ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бір жастағы сәби көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтер терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға облыс орталығындағы Панфилов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші кабатында орналаскан пәтерде болды.
«Аталған тұрғын үйдегі үшінші қабаттағы пәтер терезесінен бір жастағы сәби құлап кетті. Ол облыстык балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жаткызылды. Жағдайы ауыр», - деп мәлім етті облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, Қызылордада бір жастағы сәби кәріз суы құйылатын шұңқырға түсіп кеткен еді.
Оқиға Шиелі ауданы Қодаманов ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде болды.
Сол тұрғын үйдің ауласында орналасқан септикке 2019 жылы дүниеге келген сәби түсіп кеткен .
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.