ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық көпсалалы балалар ауруханасында бір жасар сәбидің күрделі ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бір жастағы сәбидің жатыр мойнының аумағында ісік пайда болған. Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Ғабит Оленбай бүодіршінге күрделі ота жасады. Нәтижесінде ісік алынып тасталды.
«Айта кету керек, мұндай жедел операция Қызылордада алғаш рет өткізіліп отыр. Елордалық дәрігерге облыстық көпсалалы балалар ауруханасының нейрохирург Аманжол Рүстемов пен Әнуар Қосбармақов көмек көрсетті. Анестезиолог - Көркем Баекей. Операция бес сағатқа созылды және сәтті өтті», - деп мәлім етті облыстық көпсалалы балалар ауруханасынан.
Олардың айтуынша, бүгінгі таңда баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.