ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында жеке тұрғын үйдегі кәріз суы құйылатын шұңқырға бір жастағы сәби түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Шиелі ауданы Қодаманов ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде болды.
«Сол тұрғын үйдің ауласында орналасқан септикке 2019 жылы дүниеге келген сәби түсіп кеткен. Оны ата-анасы өздері шығарып алған. Сәби аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қора өртеніп, 30 қозы жанып кетті.
Оқиға Шиелі ауданы, Н. Бекежанов ауылында болды.
Елді мекендегі мал қора толығымен жанып, үй иесіне елеулі шығын келді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.