ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада біреудің ауласынан 5 млн теңгенің құрылыс заттарын ұрлап кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс орталығының тұрғыны қалалық Полиция басқармасына меншік үйдің ауласында тұрған құрылыс заттарын ұрлап кеткендігі жөнінде арызданды. Оның жалпы құны 5 млн теңгені құрайды.
«Полиция қызметкерлері оған күдікті ретінде 45 жастағы қала тұрғынын ұстады. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Еске салсақ, Қызылорда тұрғыны несие әперем деп танысының 5,6 млн теңгесін қалтасына басты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.