Қызылордада бірінші сыныпқа баратын балалар саны көбейді

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында биыл мектеп табалдырығын аттайтын өрендер былтырғы жылдан 2200 оқушыға артып отыр. 2019 жылы 21 600 оқушы бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевың 2018 жылғы 5 қазандағыЖолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігіайтылған.

«Алдағы 2019-2020 оқу жылында біріншісыныпқа 21 600 оқушы барады деп жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда2200 оқушыға артық. Биыл Сыр өңіріндегі барлық 293 мектепте 164 мыңнан астамоқушы білім алады. Биыл 1 маусымынанбастап 1-сыныпқа қабылдау процесі автоматтандырылған жүйеге қосылды. Қазіргітаңда олардың мөлтек аудандар бойынша мектептерге орналастыру картасыдайын»,-деді Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова.

Соңғы жылдарда Қызылорда облысында апаттық жағдайдағы мектептер саныазайды. Қазіргі таңда Жаңақорған ауданындағы №169 және Жалағаш ауданында №34мектептің құрылысы жүргізілуде. Жаңа ғимараттар алдағы жылы аяқталады депжоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында 600 орындық мектеп салынуда,оны қазан айында тапсыру міндеттелген.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 3 мектепке республикалық бюджетесебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, бүгінгі күні облыстабалабақшалар да жөнделуде.

Биыл Арал, Қазалы аудандарынан 85 орындық 2 жеке балабақша, Қызылордақаласынан 140 орынға арналған 1 мемлекеттік балабақша ашылды.

Қызылорда қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 320 орынғаарналған 1 жеке балабақша қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі.

Соңғы жаңалықтар