Салтанатты шара барысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев көпшілікті атаулы мерекемен құттықтады. Ел дамуына елеулі үлес қосқан және елге еңбегі сіңген, қаланың дамуы мен гүлденуіне, әлеуметтік-экономикалық ахуалының артуына атсалысқан барлық азаматқа алғысын білдірді. Еліміздің басты құжаты, еркіндігіміздің кепілі, тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры - айбарлы Ата заңымыздың ширек ғасырдан бері мемлекет дамуының негізгі кепілі болып келеді. Бұдан кейін еңбегі елеулі азаматтарға ҚР Конституциясына 25 жыл мерекелік медалін табыстады.
Марапаттау рәсімінде қала басшысы Тұңғыш Президент - Елбасының тарихи бастамасымен елімізде жүзеге асқан конституциялық реформа қазақстандық қоғамның одан әрі саяси дамып жетілуіне оң әсерін тигізді. Сондай-ақ, әлемдік қауымдастық алдында беделінің нығая түсуіне негіз қалады.
Мерекелік жиында кезінде ұзақ жылдар бойы басшылық қызмет атқарған ардагер Жарылқасын Шәріпов пен ардагер-журналист Айткүл Шалғынбаева өз лебіздерін білдірді.