ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында бірнеше мәрте пәтер ұрлығын жасаған 34 жастағы азамат қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол бір айдың ішінде бірнеше мәрте пәтер танаған. Бұрын да сотты болған күдікті үй иелері болмаған уақытта олардың аулаларынан бағалы заттар мен велосипедті қолды еткен. Тексеру барысында күдіктінің облыс орталығында жасалған тағы да алты қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Оған байланысты айғақ хаттар тәркіленді.
«Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Барлық деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.