Қызылордада биыл 157 адам үйде оқшаулану тәртібін бұзғаны анықталды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 157 адам үйде оқшаулану тәртібін сақтамағаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде 3 972 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған. Басым көпшілігі -қоғамдық тамақтану нысандарының үлесінде.

Жыл басынан бері 157 тұлға үйде оқшаулану тәртібін сақтамағаны анықталды. Оның 141-і «қызыл», 16-ы «сары» мәртебеге ие. Еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес індетке шалдыққандығын біле тұра, карантин талабын бұзған 11 адамға айыппұл салынды. Олардың жалпы көлемі 505 мыңнан теңгеден асады. Ал науқастармен қарым-қатынаста болған 11 адамға оқшаулану тәртібін сақтау туралы қаулы шығарылды.

«Карантин талабын бұзушылықтар қоғамдық тамақтану, сауда нысандарында, сондай-ақ теміржол және әуежай жолаушыларынан көптеп анықталуда. Дегенмен соңғы уақытта індетке шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар арасында оқшаулану тәртібін бұзу жағдайы азаюда», - деді облыстық облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Әлия Ыдырысова.

Еске салсақ, Қызылорда облысында 94 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті.